Қазығұрт ауданы 100 пайыз сумен қамтылады

13
21.11.2024 17:03

Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету - инфрақұрылымның негізгі талабы. Түркістан облысында бұл бағытта ауқымды жұмыстар жалғасуда. Былтыр өңірде 70 нысанның құрылысы басталған. Оған ел қазынасынан 18,6 млрд теңге бөлінген болатын. Нәтижесінде 20 елді мекен ауыз сумен қамтылды. 9 ауылда тозығы жеткен су құбырлары жаңарды. Жоспар толығымен жүзеге асса, 2025 жылы өңір 100 пайыз ауыз сумен қамтылмақ. Мұндай жұмыстардың бірі Қазығұрт ауданында да қарқынды жүруде.