Түркістан
EN

Кентаудағы 20 жылдық "жылу дауы" қашан шешіледі?

182
24.12.2021

Жылу мәселесі Кентауда да өзекті. Қаладағы көпқабатты үйдің тұрғындары жылудың ақысын төлемейміз деп бүгін бас көтерді. Олардың айтуынша 20 жылдан бері көпқабатты баспанадағы жылу мәселесі шешілмеген. Үйдің салқындығынан балалар мен егде жастағы адамдар жиі ауырады екен. Жауапты мекемеге сұрау сала барса, бұған да зар болмай тұрғанда табандарыңды жалтыратыңдар дейтін көрінеді. Баспаған табалдырығы, қақпаған есігі қалмаған тұрғындар арнамыздан араша сұрады.