Бүгін Түркістанда «Бабалар дәстүрі- тәбиенің көзі» байқауы басталды. Биыл екінші рет өткізіліп жатқан байқаудың бастамашысы Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасы. Басты мақсат ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, озығы мен тозығына қоғамның назарын аудару дейді ұйымдастырушылар. Биыл байқауға облыстың барлық аудандарынан және Түркістан қаласынан барлығы 20 команда қатысуда. Сайыс 2 кезеңнен тұрады.