Өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер көлемі ұлғайды

15
21.11.2024 17:00

Түркістан облысында салықтан түсетін қаржы көлемі ұлғайды. Жыл басынан бері жергілікті бюджетке 150 млрд теңге түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,6 млрд теңгеге артық. Көрсеткіш туралы өңір басшысы Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен отырыста айтылды.  Жауаптылар нәтижеге қол жеткізу үшін «көлеңкелі экономикамен» күресіп, кіріс көздерін артыруға баса мән бергендерін жеткізді.