Абай болыңыз! Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың көбейгенін ескертеді. Тұрғындарды құрығына түсірмек болғандар агенттік қызметкерлерінің атын жамылып, азаматтарға қоңырау шалуды жиілеткен. Олар әуелі телефон арқылы хабарласып, есепшоттағы қаржыны бөгде біреу ұрлайын деп жатқаны туралы айтады. Одан соң агенттікке мүлде қатысы жоқ қызметкерлердің нұсқаулығын орындауды сұрайды. Тіпті, сенімге кіру үшін жалған куәлік пен логотиптері құжаттардың суреттерін жіберетін көрінеді. Оған қоса, соңғы уақытта агенттік атынан әлеуметтік желіде жалған парақшаларды ашу да көбейген.