Еліміз халықаралық банктен 272 млрд теңге қарыз алмақ. Мәжіліс Халықаралық қайта құру және даму банкінен несие алу туралы келісімді мақұлдады. Тиісті құжатты Үкімет әзірлеген. Қарыз 11 жылға беріледі. Бұған дейін Үкімет бюджет тапшылығын жабу үшін екі халықаралық банктен 337 млрд теңге көлемінде қарыз алатыны белгілі болған еді. Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, қазір Қазақстанның сыртқы қарызының көлемі 26 трлн теңгеден асқан. Ол жалпы ішкі өнімге шаққанда 23%-ды құрайды. Ал заң бойынша, бұл көрсеткіш 30%-дан аспауы тиіс.