«Әділетті Қазақстанды құруда мәслихаттың рөлі: тарих, бүгін және болашақ. Түркістанда осындай атаумен ғылыми – практикалық конференция өтті. Басқосуға Парламент пен мәслихат депутттары, мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Жиын Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған. Мақсаты – Қазақстандық және шетелдік беделді сарапшыларды, ғалымдарды шақыра отырып, Қазақстанның дамуында мәслихаттардың атқарған жұмыстарын қорытындылау. Сондай-ақ мәслихаттардың болашағын талқылау, жергілікті өзін-өзі басқарудағы тәжірибе мен білім алмасу.