Пиротехникалық заттарға тосқауыл. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында заңсыз отшашулардың саудасы қызады. Алайда тұтынушылар да, кәсіпкерлер де қауіпсіздік ережесін сақтай бермейді. Салдарынан өткен жылы дәл осы маусымда шоқты құрылғылардың қатысуымен оннан аса оқиға тіркелген. Мамандар оқыс жағдайлардың алдын алу үшін рейд жүргізуді бастап кетті.