Жалпыға бірдей декларацияның күшін жою жемқор шенеуніктердің активтерді шығаруына мүмкіндік береді. Өйткені олар заңсыз шығарған активтерін өз отбасы мүшелерінің атына емес, тегі басқа жақын туыстарының атына жазады. Бұл Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің пікірі. Сондықтан халық қалаулысы болашақта қарапайым халықтың декларацияны тапсыру мәселесі қайта қаралу керек деп есептейді.