Түркістан облысында «Жергілікті өзін-өзі басқаруды ауылдық жерде дамытудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» атты жоба екі жылдан бері жүзеге асып келеді. Биылдың өзінде 21 адам аудан, қалалардың экономикалық әл-ауқатын арттыру мақсатында грант алуға өтінім берген. Бүгін облыс орталығында аталған жоба жеңімпаздарының жұмысы көпшілік назарына ұсынылып, арнайы марапатталды.