Түркістандық екі студент «WorldSkills Kazakhstan – 2024» республикалық чемпионатында алтын иеленді. Қатысушылар 29 құзыреттілік бойынша бақ сынасты. Республикалық сайыста Түркістан облысының колледж студенттері 2 алтын, 1 күміс, 4 қола және 11 ерекше медальға ие болды. Жалпы командалық есеппен Түркістан облысы 6 орыннан көрінді. Үздіктер қатарына іліккен Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің студенті Жанерке Сауран мен Кентау көпсалалы колледжінің студенті Жанар Серік 1 орынды жеңіп алды. Республикалық сайыс 11-18 қараша аралығында Астана қаласында өтті.