Астанада құдыққа құлап кеткен ит құтқарылды. Жайсыз жайт Президент саябағы аумағында болған. Сол маңайдан өтіп бара жатқан қыз иттің қыңсылаған дауысын естіп, құтқарушыларды көмекке шақырған. Олар өз кезегінде арнайы жіп арқылы жануарды жоғарыға шығарып алып, жанашыр жанға тапсырған.