«Қазақстанда танымал және үлкен сұранысқа ие корей жүзімінің сапасы тексерілді ме? Ол қаншалықты қауіпсіз? Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа Мәжіліс кулуарында журналистер осындай сұрақ қойды. Ал ведомства басшысы елімізге әкелінген барлық өнім тексерілетінін жеткізді. Және алдағы уақытта аталған жүзімге сынама жасалатынын сосын зертхана қорытындысымен бөлісетінін мәлімдеді.