Түркістан қаласының әкімшілігі Тәуелсіздік тойынан кейін шаһарды Жаңа жылға дайындауға кірісіп кетті. Бұған жергілікті бюджеттің бүйірінен 50 млн. теңге бөлінген. Миллиондарға түрлі-түсті жарық шамдар мен шыршаның ойыншықтарын сатып алған. Десе де әкімдік өкілдері өткен жылдан қалған жаңажылдық безендіруге арналған заттарды пайдаланып, қаржыны үнемдедік деп отыр.