Түркістан
EN

Иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың 96 жағдайы анықталған

134
18.11.2024

Түркістан облысында биыл иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың 96 жағдайы анықталған. Науқастардың 88 пайызы инфекцияны гетеросексуалды, ал 8,7 пайызы гомосексуалды жыныстық қатынас арқылы жұқтырған. Тағы 2,2% аталған кеселге инемен есірткі тұтыну нәтижесінде тап болса, 1,1% анадан балаға сүт арқылы жұққан. Айта кетсек, республика бойынша қауіпті аурудың анықталуы 15 жағдайға төмендеген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сала өкілдері мәлімдеді.