Түркістанда халықаралық 26 -шы романсиада өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елінен көмейіне бұлбұл ұялаған 60 әнші қатысты. Романсиаданы Түркістан облысының әкімдігі мен «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газеті ұйымдастырған. Салтанатты шараға қатысу үшін арнайы опера саласының үздіктерімен халықаралық Романсиаданың көркемдік жетекшісі Галина Преображенская да келген.