Күз – байлықтың, берекелі бірліктің, ырыстың мезгілі. Сондықтан да оны алтын күз деп атайды. Ежелден келе жатқан егіншілер мен жұмысшылар мерекесі сабан тойдан қалған дәстүр бүгінде Жетісай ауданында жалғасты. Биыл ол қаланың 55 жылдық мерейтойымен қатар келді.