Түркістан
EN

52 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды

91
18.11.2024

Жыл басынан бері Түркістан облысында 51 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Биыл өңірдегі қоғамдық жайылым көлемін екі бағыт бойынша 304 мың гектарға ұлғайту жоспарланған. 10 айда жоспар 70 пайызға орындалыпты. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстар Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас, Келес пен Созақ, Отырар аудандарында төмен деңгейде.