Түркістан
EN

Жаңа бағытта поезд қатынайды: билет бағасы 135 мың теңге

125
18.11.2024

Енді Түркістанға бір күнде 100-ден аса турист келеді. Өйткені елімізде «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастыруымен «Жібек жолы» туристік пойызы іске қосылды. Алматы мегаполисінен бастау алатын туристік поезд әуелі Түркістан қаласына тұрақтап, туристердің бір тәулік бойы шаһарды аралауына мүмкіндік сыйлайды. Айта кетейік Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асқан жоба поездының алғашқы рейсі күні кеше қалаға келді. Тарихи сәтке әріптесім Балым Әлішер куә болып қайтты.