Қарнақ ауылында «Medical style» тігін цехы медициналық киімдердің 25 түрін тігеді. Цех басшысы Шавкат Хабибуллаевтың негізгі мамандығы - дәрігер-кардиолог. Бірнеше жыл дәрігер қызметін атқарған ол кәсіпкерлікке бет бұрып, туған жері Қарнақ ауылынан осындай цех ашқан. Жылына шамамен 20-25 мыңға жуық киім шығарады. Киімге қажетті мата Түркиядан әкелінеді. Бүгінде еліміздің Астана, Алматы, Шымкент және Талдықорған қалаларында дүкендері бар. Айта кетейік, киімдер еліміздің өзге өңірлерінен бөлек, Ресейге де жіберіледі.