Түркістан
EN

«Белсенді демалыс» және «парасат» саябақтарын көгалдандыру барысы қадағаланды

58
18.11.2024

Бұдан өзге, аймақ басшысы Түркістандағы «Белсенді демалыс» жен «Парасат» саябақтарын көгалдандыру барысын қадағалады. Отырғызылған әр көшеттің жерсініп алып кетуін қадағалап, қурап қалған көшеттердің орнына қайтадан көшет отырғызу керектігін тапсырды. «Белсенді демалыс» саябағында тропикалық жемістер өсетін ботаникалық бақ бар. Жылыжай ішінде өңірге таңсық ағаштар мен өсімдіктер өсіріп, балықтар мен құстардың түр-түрі әкелінген. Бүгінде құрылыс жұмысы аяқталуға таяу. Қос саябаққа қатысты жұмыстар жалғасады.