Сапасыз интернет үшін айыппұл он есеге артады. Яғни бұрын 100 болса, енді алдағы уақытта 1 000 айлық есептік көрсеткіш болмақ. Бұл – өте қомақты сома. Сондықтан операторлар интернет сапасына көңіл бөледі деген сенім бар дейді депутаттар. Мәжіліс заңды қарауға кірісті. Заң жобасы мемлекет басшысының тапсырмасы аясында депутаттар тобымен әзірленген. Айта кетсем, еліміз әлемдегі мобильді интернет бағасы ең төмен елдердің үштігіне кіреді.