Ақтөбеде 7,8 млрд теңгеге ерекше балаларға арналған балабақша салынады. Үкімет бұл жобаға қаржыны мемлекетке қайтарылған қаражаттан бөліп отыр. Балабақша 300 ерекше баланы тәрбиемен және түзету көмегімен қамтамасыз етпек. Бүгінгі таңда облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2523-тен астам бала бар, олардың 1320-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Қазір облыс бойынша 4 арнайы түзету балабақшасы жұмыс істейді.