Елімізде медициналық препараттарды қолданатын мыңнан астам ұйымға тексеріс жүрді. Нәтижесінде 200-ге жуық адам жауапқа тартылған. Рейд жоспардан тыс «дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылып, құқық бұзушылықтар 30 пайызға артқаны байқалады. Сондай-ақ, үш мың тоннадан астам прекурсорлардың айналымы шектелген. Ал, 44 мың таблетка мен 14 мың ампула психоактивтік препараттар сақтау шарттарына сәйкес келмегендіктен сатылымнана алынып тасталды. Бұл туралы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеме жасап, есірткі құралдарымен жұмыс істеу барысында бес қылмыстық құқық бұзушылық анықталғанын жеткізді.