«Таза Қазақстан» экологиялық шарасы Түркістан облысының Мақтаарал ауданында да жалғасты. Онда «Таза көше, таза аула, ағаш егу» акциясы ұйымдастырылып, шыршалар мен 2 мың қара ағаш көшеті егілді. Ауыл ақсақалдары мен белсенді жастар, шекарашылар мен қоғамдық ұйым өкілдері тазалық жұмыстарын жүргізді. Ауданнан бөлінген 17 техника шығарылған қоқыстарды тасып, жаяу жүргіншілер жолы мен саябақтар ретке келтірілді. Аталған шарада шекара қызметінің сарбаздары белсенділік танытып, тазалық жұмыстарына жұмыла кірісті.