Өңірдегі жол саласының өзекті мәселелерін шешу. Жолдарды паспорттау және жаңа нормативтерді белгілеу. Түркістан облысы әкімдігінде өткен жиынның басты мақсаты осы. Оған облыстың түкпір-түкпірінен жол сапасын бақылау саласының мамандары, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен жауапты мекмемелер қатысты. Ал жиында Қазақстан Жол ғылыми-зерттеу орталығының білікті мамандары саладағы жаңалықтармен бөлісіп, тәжірибе алмасты.