Оқу жылы басталғаннан бері елімізде 150 мың оқушыға арналған 106 жаңа мектеп ашылды. Оның ішінде 90 мыңға жуық оқушы 33 жайлы мектепте білім алуда. Олар бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған жеке блоктармен, заманауи техникалық қауіпсіздік құралдарымен, бірнеше спорт залдарымен, пәндік кабинеттермен қамтылған. Ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін қазіргі заманғы форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтан түскен қаражат есебінен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының желісі бойынша тағы 18 білім ошағы ашылмақ.