Түркістан
EN

Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр

99
15.11.2024

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл. Атаулы датаға орай Түркістан қаласында «Тұрар және Түркістан идеясы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр. Жиынға елімізден бөлек Өзбекстан, Моңғолия Түркиядан делегация келді. Олар ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі Тұрар Рысқұловтың саяси, рухани, тарихи болмысын ашып, тың деректер ұсынды. Қонақтар алдымен арнайы көрмені тамашалап, Алаш ардақтысы таспаланған фото-шежіремен танысты. Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев елінің маңдайына біткен азаматтың есімі қазақ халқының жүрегінде мәңгілікке сақталатынын, ұлы тұлғаны ұлықтау міндет екенін айтты.