Түркістан
EN

15 қараша – Ұлттық валюта күні

64
15.11.2024

Бүгін – Ұлттық валюта күні! 1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға енгізілді. Ал, айтулы күн 1997 жылдан бастап аталып өтіледі. Сонымен қатар, бүгін еліміздің қаржы жүйесінің қызметкерлері де кәсіби мерекесін тойлайды. Айта кетейік, төл теңгемізді қылқалам шеберлері Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлелов ұлттық нақыштағы өрнектермен безендірген. Ең алғаш бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл-Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай Аронұлының және 5 теңгеге күйші Құрманғазы Сағырбайұлының портреті салынды. Он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте Абай, елу теңгелікте Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылай хан бейнесі сомдалған еді. Бүгінде теңге Ұлттық банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында және Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.