Қазақстан мен Қатар елінің сарбаздары бірге шынығатын болды. Бүгін Сенатта екі елдің әскери ынтымақтастығы туралы келісім ратификацияланды. Құжат әскери білім беру, біліктілікті арттыру, әскери медицина, ғылым, мәдениет, спорт салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, бірлескен шаралар кезінде тілдік кедергілер болмайды. Оның айтуынша, қазақстандық әскерилер Қатар елінде араб тілін де үйренеді. Айта кетерлігі, бұған дейін Қазақстан осы іспеттес келісімді екі мемлекет - Ресей мен Қырғызстанмен рәсімдеген.