Еріктілер қозғалысының белсендісі, блогер Перизат Қайрат көктемгі су тасқыны кезінде тұрғындарға көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржылық мониторингі агенттігі хабарлады. Ол қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы бола тұрып, халықтың ақшасына қымбат әшекей бұйымдар мен жылжымайтын мүлік сатып алған. Сондай-ақ құны 80 млн теңгеден асатын екі және 40 млн-ға жуықтайтын бір көлік, сондай-ақ коттедж қалашығында үй сатып алыпты. Ал қылмыстық схемасын жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың қаржысын қолма-қол ақшаға айналдырған көрінеді. Қазір күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.