Әлемде коронавирустың жаңа штамы тез таралуда. Қазақстандағы жағдай тұрақты деп арқаны кеңге салуға болмайды. Осылай деген Үкімет басшысы Асқар Мамин шекарадағы бақылауды күшейтіп, қайта вакиналау қарқынын арттыруды тапсырды. Жалпы осы уақытқа дейін 9 млн-ға жуық адам вакцина қабылдаған. Бұл халықтың 80 пайызы. Файзерді болса 200-мыңнан аса азамат ектіріпті. Қазірде реанимациялық және инфекциялық төсек орындардың 19 пайызы ғана қолданыста екен. Дегенмен, әлемдегі эпидемиологиялық ситуация алаңдатарлық деді премьер-министр.