80-нен астам тұрғынды алдап, 337 миллион теңгені қалтасына басқан. Түркістан облысында ақшаларыңызды көбейтіп беремін деп алдап, онлайн-несие рәсімдеген алаяқ ұсталды. Тексеру нәтижесінде 34 жастағы күдіктінің 87 жайтқа қатысы бары анықталып, қамауға алынды. Айта кетсек, бұл жайт республикалық «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші тәулігінде анықталып отыр.