Түркістан
EN

Бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсері туралы зерттеу болады

154
14.11.2024

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсері туралы зерттеу жүргізіледі. Бұл жайлы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Оның сөзінше, осы мәселеге қатысты алдағы уақытта зерттеу ұйымдастырылады. Бұл тұрғыда география институты мен зерттеудің физиологиялық және медициналық аспектілерімен айналысатын Денсаулық сақтау министрлігінің институттарын тарту жоспарланған. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия жақын арада өзінің отырысын өткізеді. Еске сала кетейік, 1 наурыздан бастап Қазақстанда уақыт бір сағат артқа жылжыды. Осыдан кейін өзгеріске қарсы шыққан тұрғындар бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтару жөніндегі петиция жариялады.