Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Антальядан табылды. Ол психотроптық заттардың баламасын сақтаған. 2022 жылдың желтоқсанында Астанада жедел іздестіру шаралары барысында одан 17 қапшықта аса ірі көлемде меткатион тәркіледі. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланды. Осы жылдың қазан айында күдікті Анталья қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.