Бүгін - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Осыған орай, облыстық клиникалық ауруханада ашық есік күнін өткізбек. Жалпы, әлемде қант диабетіне шалдыққандар саны артқан. Бүгінде дүниежүзі бойынша 470 млн-нан астан адам дәл осы дертпен күресіп жүр. Оның 500 мыңға жуығы - қазақстандықтар. Бұл туралы эндокринолог Ғалия Батырханова бүгінгі баспасөз отырысында мәлімдеді. Ол дибетті ерте анықтап, асқынудың алдын алуға болатынын айтады.