Түркістан облысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейді. Бұл туралы Бәйдібек ауданында өткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша мәжілісте айтылды. Жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, білім саласының қызметкерлері, оның ішінде есепшілер қатысты. Басқосуда білім саласындағы есептеу жүйесін автоматтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Нақтырақ айтсақ, бірыңғай цифрлық есеп пилоттық жобасын іске асырудың барысы жан-жақты талқыланды.