Теріскей аумағының бүгінгі халі мүшкіл. Қызылкөл санаториін қайта жаңғырту керек. Бүгінгі мәжіліс отырысында депутат Ұласбек Сәдібеков осындай мәселе көтерді. Түркістан облысындағы Құмкент елді-мекенін экологиялық аумақ деп танып, тіпті ауыл азаматтарына өтемақы төлену керек деді халық қалаулысы. Бұл арқылы ол Созақ ауданының туристік әлеуетін нығайтуға көңіл бөлу мәселесін қозғады