Түркістан облысы Сауран ауданында бірқатар елді мекендердің электр желілері мен бағаналары тозған. Бүгінде оларды жаңарту мақсатында 36 жоба әзірленген. Бұл туралы аудан басшысы өңірлік коммуникация қызметінде өткізген брифингінде мәлімдеді. Ауданның 9 айлық қорытынды есебін берген Мақсат Таңғатаров газ, ауыз су, коммуникация салаларына ерекше тоқталды. Толығырақ тілшіміз Шынар Әділханқызы жалғасын.