Қант диабетіне шалдыққандар саны артқан. Әлемде 470 млн-нан астан адам дәл осы дертпен күресіп жүр. Оның 500 мыңға жуығы - қазақстандықтар. Бұл туралы эндокринолог Ғалия Батырханова бүгінгі баспасөз отырысында мәлімдеді. Ол дибетті ерте анықтап, асқынудың алдын алуға болатынын айтады. Сондықтан мамандар 14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орай, облыстық клиникалық ауруханада ашық есік күнін өткізбек.