Түркістан
EN

Еліміздің екі өңірінен полицейлер есірткінің ірі партияларын тәркіледі

47
13.11.2024

Еліміздің екі өңірінен полицейлер есірткінің ірі партияларын тәркіледі. Соның бірі Қарағандыда. 53 жастағы ер адам өз пәтерінің балконында 10 келіден астам гашиш сақтаған. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде заңсыз айналымға есірткі заттарының 35 мыңнан астам дозасының жіберілуіне тосқауыл қойылды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, 35 жастағы елорда тұрғыны жалдамалы пәтерінде есірткі сақтағаны анықталып отыр.