Қорқор шеккен 82 тұрғынға айыппұл салынды. Түркістан облысының полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу заңына сәйкес рейд өткізді. Облыстағы көпшілікке танымал демалыс және ойын-сауық орындары тексерілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығындағы көңіл көтеретін орындарда қорқор тұтынудың 82 дерегін анықтап, жалпы 2,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салды. Тексеру жұмыстары әлі де жалғасады.