«Каспий теңізіне қауіп төніп тұр». Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан дүниежүзілік климат саммитінде айтты. Президенттің сөзінше, әлемдегі ең үлкен көлді құтқару – баршаға ортақ міндет әрі бұл ұзақмерзімді халықаралық ынтымақтастықты талап етеді. 2 аптаға жалғасатын жиында ғаламдық жылынумен күрес және Париж келісімі міндеттерін орындау жайы талқыланбақ.