Соңғы бір айда елімізде 130-ға жуық өрт оқиғасы тіркелген. Тілсіз жаудың тең жартысы пештер мен мұржалардағы ақаудан болған. Соның салдарынан уланып, тіпті жан тапсырғандар да бар. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты. Үкімет басшысы төтенше жағдайлар министрлігіне осыған баса назар аударып, қысқы жылыту маусымында қауіпсіздікті барынша қадағалауды тапсырды.