Түркістан
EN

Үкімет басшысы бір айда 130-дан астам өрт шыққанын айтты

113
12.11.2024

Қазақстанда жылыту маусымы басталғалы бері екі күннің бірінде өрт шығып жатыр. Сонымен бірге газ баллондарының жарылу жағдайы да жиілеген. Бұл мәселені үкіметте премьер-министр Олжас Бектенов көтерді. Үкімет басшысы өрттердің 50%-ға жуығы пеш пен мұржалардағы ақаулардың кесірінен болады дейді. Сондықтан төтенше жағдайлар министрлігіне жағдайға бей-жай қарамай, газ-техникалық инспекцияның өкілеттігін күшейтіп, өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастыруды тапсырды.