Габриэль Борич Чили Президенті атанды. 35 жасар саясаткер елдің ең жас басшысы болып тарихта қалмақ. Ол қарсыласы Антонио Кастаны айқын басымдықпен жеңіп, сайлаушылардың 56 пайыз дауысын жинаған. Айта кетер жайт, Боричтің ұлты хорват. Бұған дейін ол оппозициялық саясаткер ретінде бірқатар наразылық акцияларын ұйымдастырған. Ондағы мақсаты – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Өзінің сайланғаннан кейінгі алғашқы ресми мәлімдемесінде Борич қайтадан осы мәселені көтерді