Түркістан
EN

Кентаудағы жылу энерго орталығының жұмысы қадағаланды

100
12.11.2024

Кентау жылу орталығында жоспардағы жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінде 6 қазандық жөнделіп, қолданысқа дайын тұр. Енді кешенді сынақ жұмыстары жүргізілсе болғаны. Ал,желтоқсан айының соңына дейін нөмірі 7-ші, 12-ші қазандықтарда да құрылыс жұмыстары толық аяқталады. Атқарылып жатқан жұмыстармен облыс әкімі Дархан Сатыбалды танысты. Өңір басшысы мердігер мен осы салаға жауапты басшыларға тұрғындардың қыстан тоңбай шығуына барлық жағдай жасалуы керектігін айтты.