Түркістан облысында қоршаған ортаны ластағандарға қарсы күрес күшейді. Биыл қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 мыңға жуық хаттама толтырылып 305,7 млн теңге айыппұл салынған. Ал облыста жалпы 712 ауқымды сенбілік өткізілген. Одан бөлек қазір өз өңірін таза ұстайтын аудан, қала әкімдерінің рейтингі әзірленіп жатыр. Бұл туралы туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аппарат жиынында баяндады.