Биыл инженерлік-саперлік батальонның құрылғанына 5 жыл. Осыған орай Арыс қаласында мерекелік жиын өтті. Онда әскери қызметшілер, ардагерлер және қала тұрғындары жиналып, қауіпті тапсырма орындайтын мамандарға қолдау мен ризашылықтарын білдірді. Шара барысында полковник Руслан Жансейітов бірқатар әскери қызметшілерге өз жұмыстары үшін ерекше құрметке лайық екенін атап өтіп, алғыс хат табыстады. Сондай-ақ бірнеше әскери қызметкер «минасыздандырудағы ерлігі үшін» төсбелгісін иеленді.