Түркістан
EN

Түркістанда 70 балаға қыстық киім берілді

94
11.11.2024

Апта басы қайырымдылықпен басталды. Түркістандық 70-ке жуық балаға қыстық киім үйлестірілді. Игі іске қаладағы Қуаныш, Баймахан, Алтын орда базарларының саудагерлері себеп болған. Олар өңірдегі мұқтаж отбасылардың балаларына қыстық жылы киім мен аяқ киім таратты. Қоғам белсендісі, әрі осы істі ұйымдастырушы Нұрболат Мергенбаевтың айтуынша, игі іс-шара 10 жыл алдын бастау алған. Кәсіпкерлер мен өзге де қайырымды жандардың қолдауымен жыл сайын әлеуметтік осал топ өкілдеріне көмек беріліп келеді екен.